«Зерек колледжі» жеке мекемесінің еріктілері, немқұрайлы емес білім алушылар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
"Әр баланың жүрегі жаңа жылдық сиқырға толы болуы керек", - дейді еріктілер.
Біздің белсенділер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының басшысына балаларға тәтті сыйлықтар табыстады, сондай-ақ оларға мықты денсаулық, оптимизм және амандық тіледі!
Біз әр үйге мереке атмосферасын жеткізуге тырысамыз!